“Қазфосфат” зауытындағы төтенше жағдай себептері айтылды

Бұл туралы қала әкімдігі сайтында жарияланды. “Сараптама нәтижесі фтор қосылысы сәл көбейгенін көрсетті. Қала мен минералды тыңайтқыштар зауытының санитарлық шекарасында азот сияқты басқа заттардың артық мөлшері анықталған жоқ. Арнайы құрылған жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады. Қазір басқа аумақтарда өлшеу жалғасып жатыр. Тұрғындардан сабыр сақтауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз”, – делінген хабарламада.