Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. “Жарнама туралы” заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалған және онда маңдайшалар қамтылмаған. “Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінде жарнаманың болуы туралы мәліметтерді фискалдық органдарға жіберген, оның ішінде бұл тізімге маңдайшалар да енгізілді. 220 кәсіпкерге қатысты осындай заңбұзушылықтарға жол берілді, прокуратураның қадағалау актісі бойынша бүгінде 60-тан аса кәсіпкерге заңсыз төленген сомалар артық төлем түрінде дербес шоттарға қойылды”, – делінген хабарламада. Прокуратура “Жарнама туралы” Заңына сәйкес маңдайшалар сыртқы жарнамаға қолданылмайтынын және олар үшін салық төлемдері алынбайтынын түсіндірді.