Бүгін Байден мен Путин мәлімдеме жасайды

АҚШ президенті Варшавада, ал Ресей президенті Мәскеуде сөз сөйлейді. Еске сала кетсек, 20 ақпанда Джо Байден Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Америка Құрама Штаттарының президенті жаңа әскери көмек пакетін жариялады. Сонан соң Ақ үй басшысы Польшаның астанасы Варшаваға барады. Онда Байден НАТО-ның шығыс флангының мемлекет басшыларының алдында сөз сөйлейді. Ол “Украина халқын қолдау үшін бүкіл әлемнің ауызбіршілігі” жөнінде айтады деп күтіліп отыр. АҚШ президентінің сөз сөйлеу уақыты белгісіз. Ал Владимир Путин баяндамасында “арнайы әскери операция” туралы айтып, экономика мен ішкі саясат тақырыптарын қозғайды деп күтілуде. Путиннің үндеуі Мәскеу уақытымен 12:00-де (Астана уақыты бойынша 15:00) басталады.