Бүгіннен бастап Алматы облысында карантиндік шектеу шаралары тағы күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейтін болды. Сауда ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалардың, спорт нысандары мен фитнес-орталықтарының жұмысына шектеу қойылды. Монша, сауналар, кинотеатрлар, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсетпейді. Ashyq жобасының QR-кодын алған қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Ал онда тіркелмегендері 17:00-ге дейін келушілерді қабылдай алады. Мұндай шектеулер йога, СПА-орталықтары мен бассейндер сияқты спорттық-сауықтыру орталықтарына да тікелей қатысты. Қаулыға сәйкес Ashyq жобасына қатысатын ашық және жабық жағажайлар мен аквапарктер, аттракциондар да жұмысын тоқтатады.