Токио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 32-ші тұр

Токио Олимпиадасының кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 32-ші тұр. Қоржында қос қола. Германия, Украина және Түркия құрамасының көрсеткіші де осындай. Сондықтан барлығы бір сатыда. Ал, топ басына 6 алтын алып үлгерген Қытай құрамасы жайғасты. Үздік үштікті Жапония мен АҚШ түйіндеп тұр. Токиодағы бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады.