Алматы облысындағы картингте болған қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 41 жастағы картинг орталығының директоры күдікке ілініп отыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалған. Қылмысық іс өндіріске қабылданып, бақылауға алынды. Айта кетейік, 2 мамыр күні Алматы облысындағы картингте 10 жастағы бала көз жұмған болатын.