Алматы облысында картингте болған қайғылы оқиға бойынша тергеу басталды

Алматы облысындағы картингте болған қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 41 жастағы картинг орталығының директоры күдікке ілініп отыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалған. Қылмысық іс өндіріске қабылданып, бақылауға алынды. Айта кетейік, 2 мамыр күні Алматы облысындағы картингте 10 жастағы бала көз жұмған болатын.