Алматы облысында санитарлық шектеу шаралары жеңілдетілді. Мұнан былай өңірдегі 300 оқушыға дейінгі білім ордалары дәстүрлі форматта оқиды. Бірақ бір сыныпта 15 баладан аспауы керек. Колледж, кәсіптік білім беру мекемелері, жоғарғы оқу орындарының бірінші курс студенттері екінші жартыжылдықта пәндерінің 70 процентін білім ордасында қалғанын қашықтан оқиды. Сонымен қатар мәдениет үйлері, театрлар, кинотеатрлар 30 процеттік толтырылыммен жұмыс істейді. Мешіттерге де осындай талап қойылған. Алайда ұжымдық құлшылық етушілер саны 100 адамнан көп болмауы тиіс. Жұма намаз жамағатпен бірге тек ауылдардағы имандылық үйінде оқылады. Қатаң режимді сақтай отырып, командалық оқу дайындық жиындарын өткізуге де рұқсат беріліп отыр. Онда да бір залда 30-ға жуық спортшы жаттығуы керек.