Енді қазақстандықтар 1 айда бір рет қана шетелге шыға алады

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты осындай шектеу енгізілді деп хабарлайды 24.kz. Мемлекеттік шекараны кесіп өту талабы елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне де қолданылады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, дипломаттар мен Үкімет қаулысымен шетелге баратын қызметкерлер болса, арнайы тізіммен шекарадан өтуге құқылы. Ал пойызбен жүк тасымалдау процесіне және трансшекаралық құрылыс жұмыстарына қатысушыларға аталған шектеу қойылмайды. Арнайы тізім Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланған.