Полицейлер кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың сөзінше, Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғынынан қазан айында белгісіз ер адамның қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны туралы арыз түскен. Күдікті сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сараптамалық тексерулер тағайындалды. Бұған дейін Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында 60 жастағы ер адам 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған болатынбыз.