“Қазақмыс” қызметкері шахтада көз жұмды

Трагедия себебін арнайы комиссия анықтап жатыр. Қайғылы оқиға Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды. Компанияның тау-кен шебері, 39 жастағы қызметкері ауыр жарақаттан қаза тапты. Бұған дейін “Қазақмыс” кенішінде алты жұмысшы жарақат алғаны хабарланған болатын. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар “Стакермен” бірге кен үйіндісіне құлаған. Оқиға Ұлытау облысында “Қазақмыс” тобының “Жыланды” кенішінде болды.