Алматы облысы Өрнек ауылында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Қылмыс жасады деген күдікпен осы ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын тонау үшін сотты болғаны анықталды, қазір еш жерде жұмыс істемейді. Кінәсін мойындап, қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді”, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті. Күдіктінің айтуынша, ол қызға шабуыл жасап, қылғындырып, артынша оны өртеп жіберген.
Еске салайық, 21 тамызда Алматы облысында 21 жастағы қыз баланың өлі табылғаны хабарланған.