Ұлттық банк: Биыл инфляция деңгейі 8-8,5% болады

Биыл елімізде инфляция деңгейі 8-8,5% болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін көрсеткіштер 9-да 1 процент деп еді. Бірақ Ұлттық банк болжамды қайта қарады. Қаржы реттеуші мекеме басшысының айтуынша, алдағы уақытта жағдай тұрақталады. Бес жылдан кейін инфляция деңгейі 3-4% болады. Ал осы жылдың қорытындысы бойынша елімізде төлем балансында ағымдағы шоттардың тапшылығы болуы мүмкін. Депозиттер мен несиелер де азаяды.

Ұлттық Қордың қаражатына келетін болсақ, Ұлттық Банк ондағы қаражатты үнемдеп, мұнай депозитін төмендетумен айналысуды ұсынады.