Алматы облысында Stop-трафик арнайы іс-шарасының барысында жеңіл жүрісті қыздарға «жеңгетайлық» көмек көрсеткен азаматша ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Күдіктіні полицейлер қолға түсірді. Ол жезөкшелерге келген клиентпен ақысына келіскен. Заңсыз әрекетке барған Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.