Павлодарда қымбат көліктердің айнасын ұрлаған күдікті ұсталды

Полицияға Шапық Шөкин көшесінде тұрған Lexus көлігінің 270 мың теңге тұратын айнасын түнде біреулердің үптеп кеткені туралы хабарлама түскен. Екі күнде азаматтардан дәл осындай 5 шағым түскен. Тәртіп сақшылары, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұрлық үстінде қолға түсірді. Ол аймақтағы зауыттың бірінде жұмыс істейтін 30 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті айыбын мойындады.