Әлеуметтік желіде Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде қызды өлтіріп, артынша өртеп жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жазбаға сәйкес, оқиға “Латифа” тұрғын үй кешенінде болған. Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады. “Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.