Қазақстандық полицейлердің жалақысы 90%-ке дейін өседі

Ішкі істер министрлігі 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысын 50-ден 90%-ке дейін өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант – 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады”, – деді Тұрғымбаев. Сонымен қатар министр полицейлердің әскерилер сияқты баспана алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Тұрғын үй төлемдері банк арқылы қызметкердің жеке баспанасына жұмсалады. Айтуынша, мұндай жеңілдікпен қызметкерлердің 72%-і қамтылған. Сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан және жарақат алған қызметкерлердің отбасысына тұрғын үй төлемі сақталады.