Алматы прокуратурасы қала тұрғындарына митинг өткізу туралы жалған хабарламаларға қатысты ескерту жасады. Әлеуметтік желілерде 31 мамырда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілер мен шерулерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер кеңінен таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Бұл күндері Алматы қаласында қандай да бір бейбіт жиналыстар өткізу келісілмеді. Осыған байланысты, жалған хабарламалар арқылы жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, шақыру заңсыз екенін ескертеміз, – делінген хабарламада. Заң талаптарын бұзу әкімшілік жауапқа, оның ішінде 25 тәулікке дейін қамаққа алу шарасына әкеп соғады.