Англия соты Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы қаулы мерзімін ұзартты.

Бұл туралы БТА банкінің баспасөз қызметі хабарлады. “Қамауға алу туралы қаулы Мұхтар Әблязовты Ұлыбританияға кірген жағдайда жазасын өтеу үшін полиция органдарына немесе сот қызметкерлеріне тұтқындауға және түрмеге жіберуге нұсқау беретін құжат. Құжат екі жылға жарамды, содан кейін ол тағы бір мерзімге ұзартылады. Банк қаулы мерзімін ұзарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.