Алматы әуежайында такси құны көрсетілген баннерлер орнатылды.

Қалалық туризм басқармасы мәліметінше, бұл туристерді жөнсіз жүргізушілерден қорғайды. Өйткені кейінгі уақытта такси жүргізушілерінің алаяқтық деректері жиілеп кетті. Еске салайық, бұған дейін жеке такси жүргізушілерінің бірі Германиядан келген туристен сапар үшін 200 000 теңге талап еткен. Кейін ол қаланың үндістандық қонақтарын алдап, 350 000 теңге ақша сұраған.