5 қаңтарда қару асынған елу шақты адам стратегиялық нысанға кіріп келіп, дүкендер мен әйнектерді сындырған. Олар эвакуациялау кезінде қалып қойған жолаушылардың жүктерін ақтарып, керек емесін өртеп жіберген, – деп хабарлайды “КТК” арнасы. Ал тағы бір тобы ұшу-қону жолағына от қойған. Жолаушылар ұшақтан түспей 14 сағат отыруға мәжбүр болды. Қазір Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Тәртіпсіздіктер кезінде тоналған дүкендер мен банкоматтардың біразы әлі сол қалпы істемейді. Бұзақылар басып кірген кезде іште мыңға жуық қызметкер мен жолаушылар болған. Қызметкерлердің сөзінше, 6 қаңтар күні таңғы сағат 04:00-де әскерилер келіп, атыссыз қаскөйлерді толық қуып шыққан.