Соның салдарынан оқиға орнында 65 жастағы ер адам қаза тапты. Ал 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді. Айта кетейік, екеуі де жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілерді қағып кетті». Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптамалар тағайындалды.