Министрлер кабинетінің отырыс өткізу форматы өзгерді

Бұдан былай отырыс журналистердің қатысуынсыз өтеді. Енді отырысқа күн тәртібіне бойынша баяндама жасайтын министрлер ғана келеді. Ел үкіметінің баспасөз қызметі жаңа формат “министрлер жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ бюрократизация туралы Жарлыққа сәйкес” енгізілгенін мәлімдеді. “Отырыстан кейін олар баспасөз конференциясына шығып, журналистердің сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар, отырыс әлеуметтік желіде және үкіметтің ресми сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында әрбір министр өз алаңында жеке кесте бойынша брифинг өткізіп, БАҚ сұрақтарына жауап береді”, – деп түсіндірді Үкіметтің баспасөз хатшысы Қанат Күлшманов. Бүгін, 13 қыркүйекте үкімет отырысында ұлттық экономика министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің екі мәселесі талқыланды.