Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 2026 жылдан бастап бейне талдау және бет-әлпетті тану функциясы барлық бейнебақылау жүйелеріне біріктіріледі. Ол үшін әлеуметтік нысандарға 7 мыңға дейін бейнебақылау камерасын орнату көзделген. Бұл адам көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр. 2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі террористік тұрғыдан осал нысандардың бәріне және көпқабатты тұрғын үй кешендерінің аулаларына камералар орнату арқылы кеңейтіледі. Бейнесурет Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында көрсетіледі. Бұл түтінді, өртті, қараусыз қалған нысандарды тану сияқты ықтимал қауіптердің бар-жоғын қадағалауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.