Алматыда бір орталықтың орнына бес орталық пайда болады

Олар – “Солтүстік”, “Батыс”, “Оңтүстік-батыс”, “Шығыс қақпасы” және “Тарихи орталық” сияқты орталықтар Оларда қала халқының көп бөлігі тұрады деп болжанып отыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты. Оның мәліметінше, 1998 жылдан бері мегаполис екі есеге ұлғайған. Оған 27 елді мекен қосылды. Қалада аумақпен қатар инженерлік, көліктік, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігіне байланысты проблемалар да бар.