Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. “Немолчиkz” қоғамдық қоры жетекшісінің сөзінше, оқиға қалалық №38 автобуста болған. Ер адам әйеліне бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсеткен, әйел бұған дейін осындай фактілер бойынша полицияға шағымданған. Ерлі-зайыптылардың ажырасқанына екі жыл болған. Бірақ ол оны аңдуды, оның жеке өмірін бақылауды жалғастыруда”, – дейді қоғам белсендісі. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайға пікір білдірді. “Алматы қалалық ПД бұл деректің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 293-бап, 3-бөлігі бойынша тіркелгенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары кешені жүргізілуде, оның қорытындысына сай, қылмыстық іс бойынша түпкілікті процесуалдық шешім қабылданады”, – делінген ведомствоның хабарламасында.