Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

Кен орнында газдың шығу белгілері байқалды. Ақпаратты Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC (North Caspian Operating Company) растады. “3 тамызда өндірістік учаске аумағында газдың ауаға шығып кету белгілері анықталуына байланысты “Болашақ” кешенінің мұнай-газ өңдеу зауытында қауіпсіз тоқтату жұмыстары жүргізілді. Стандартты тәртіпке сәйкес, өндірістік нысандарда газ датчиктері жұмыс істегеннен кейін факель жүйесіндегі қысым түсірілді”, – деді компанияның баспасөз қызметіндегілер. Оқиға кезінде адамдар денсаулығына зиян келмегені хабарланды.