Алматыда «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

фото:Liter.kz

Агенттік тергеу барысында басшылардың букмекерлік қызметпен қатар, Қазақстан аумағында аса ірі мөлшерде 300 млн теңгеден астам сомада кіріс алумен заңсыз ойын бизнесімен айналысқаны анықталған. Құмар ойындарға құқыққа қайшы ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған. “Сот үкімімен үш айыпталушы ҚК-нің “Аса ірі мөлшерде табыс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру” бабы бойынша кінәлі деп танылды. Екі ұйымдастырушының біріне шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, ал екіншісіне 2,4 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада. Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден аса қаражат, және басқа да мүліктер тәркіленді.