Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады. Оқиға «Жетісу» шағын ауданында болған. 28 жастағы әйел, 6, 5 және 2 жасар үш баласымен көп қабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында мерт болды. Үшінші бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.