Алматы облысында су бөгеті жарылды

Соның салдарынан Мыңбаев-Қасымбек тасжолын ағын су шайып кетті. Жамбыл ауданындағы Книжевская бөгетінің жарылу ауқымы 5-6 метр. Жарықтан секундына 30 кубометр су кетіп жатыр. Бөгетте 4,47 миллион кубометр су қоры бар. Су тасқынынан зардап шеккендер мен кісі шығыны жоқ. Ағын судың арыны басылды. Қарғалы өзенін жағалап өту жолдары жасалып жатыр. Әзірге маңайдағы елді мекендерді су басу қауіпі жоқ,— дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Жедел штаб жасақталды. Оқиға орнына полиция бекеттері орнатылды.