Алматыда эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте осылай деп мәлімдеді. Күніне 125-140 вирус жұқтыру жағдайы тіркелуде. Эпидемия басталғаннан бастап 27 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 21547 жағдайы, сонымен қатар, 1662 коронавирустық пневмония тіркелді. Бұдан бөлек, Бекшин науқастардың вирусты қай жерде жұқтырып жатқанына тоқталды. КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында қоғамдық орындарда науқастардың 40%, қоғамдық көлікте науқастардың 20% , ауырған отбасылардың 28% жұқтырғаны анықталды. Соңғы 3 аптада отбасылық іс – шараларда, кинотеатрлар мен театрларға барған кезде жұқтырған жағдайларда тіркелді,-деді Бекшин.