Оралда демалыс күні қоғамдық көлік қызметі шектелуі мүмкін

Оралда демалыс күні қоғамдық көлік қызметі шектелуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының бас санитария дәрігері дерттің дендеуіне байланысты осындай шектеу ұсынды. Өңірде өткен тәулікте 95 адам қауіпті дерт жұқтырған. 25 қаңтарда қабылданған қаулыға сәйкес, мемлекеттік органдардың 80 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Бірақ басым бөлігі әлі де қызметін кеңселерде жалғастырып жатыр. 7 бірдей жұқпалы аурулар ауруханасында науқастар саны көбейген. Қазір онда коронавирустан 300 адам емделіп жатыр. Аймақта жұмыс кестесінің қысқаруына байланысты кәсіпкерлер «қоғамдық тамақтану нысандарын мүлде жауып тастаймыз» деп қарсылық білдірді. Бұған қатысты жергілікті билік несиелік қолдау, қайта оқыту және қосымша өндіріс орындарын ашу бойынша көмек көрсететінін айтты.