Алматыда әкесі атып өлтірген әйел жүктіліктің сегізінші айында болған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматының құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.
Трагедия кезінде үйде тағы бір әйел болған, ол – қылмыс жасаған ер адамның екінші әйелі. Бірақ ол зардап шеккен жоқ. Қылмысқа бармас бұрын ер адам оны үйден қуып жіберген. Көршілері отбасының тұрмысы жақсы болғанын, ешкімнің ішімдік ішпегенін айтқан.
Алайда олар отбасы мүшелерінің жиі жанжалдасатынын байқап жүрген. Еске сала кетсек, Алматыда 69 жастағы ер адам жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірді. Кейін ол өзіне қол жұмсады.