Михаил Ефремов 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Танымал актер Михаил Ефремов көлігімен соқтығысқан жеңіл автокөліктің жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Михаил Ефремов енді 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Смоленск алаңында Jeep Grand Cherokee қарсы бетке шығып кетіп, “Лада” автокөлігімен соқтығысқан.

Джип рөлінде актер Михаил Ефремов отырған. Ол жол апатынан кейін ұсталды, сараптама оның қанында алкоголь барын көрсетті. Lada жүргізушісі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Кейін оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.