Алматыда кинотеатр билеттері 30 процентке қымбаттады. Кәсіпкерлер мұны кинозалдардың жартысы ғана толуымен түсіндіріп отыр деп хабарлайды Алматы телеарнасы. Бұрын кешкі сеанс құны 2400 теңге болса, қазір ол 600 теңгеге қымбат. Кинотеатр иелерінің айтуынша, әзірге прокатта көптеген отандық фильм бар, ал 29 қазаннан бастап шетелдік кино прокатқа шығады.