Алматы әкімдігі қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 20 теңгеге көтеріп, қолма-қол төлемді алып тастамақ. Тиісті әкімдік қаулысының жобасы “Ашық заңды және заңды тұлғалар” сайтында орналастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қазір жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлем 100 теңге, қолма-қол төлем 200 теңге.
“Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы бағыттарда жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің бағасы 120 теңге мөлшерінде белгіленсін”, – делінген құжатта