Алматыда қалалық мобилділік басқармасы, Көлік холдингі мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған мониторинг топтары жолаушылардың санитарлық ережелерді ұстануын тексеруде. Қаланың барлық маршрутын кезекпен тексеру жоспарланған. Мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жасалады. Жүргізушілерге жұмыс уақытында міндетті түрде маска тағу, маска режимін бұзған жолаушыларды кіргізбеу және қажет болған жағдайда түсіріп кету туралы тапсырма берілді. Көлік холдингі қызметкерлері де карантин кезінде санитарлық нормаларды бұзушыларға ескерту жасап, автобустан түсіру туралы тапсырма алды.