Қазақстанда 1745 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 21 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 1663 адамның коронавирус тесті оң шықты. 82 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бір күнде 21 адам өлімі тіркелген: 17 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Елордада 356 адам, ал Алматы облысында екі жүз адам коронавирус жұқтырғаны анықталғаны хабарланды. Алматыда 526 тұрғыннан COVID-19 табылды.