Алматыда “олигархтардың балалары” арасындағы төбелес тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелес тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, төбелеске себепші болғандар Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары. “Бұл дерек тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды. Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттары мен қылмыстың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.