Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Алматыда 10 қаңтарда таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департамент өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады. “Азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса тіптен жақсы”, – делінеді хабарламада.