Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, биыл күзде тыныс ауруларына шалдыққандар күрт көбейген. 1 қыркүйектен бері 74 426 адам ОРВИ-ге шалдыққан. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп. Былтыр осы уақыт аралығында 17 731 адам аталған аурумен ауырған. Бұл жөнінде қалалық СЭС басшыларына сүйенген Vlast сайты жазды. Байғаблов ОРВИ адамдардың коронавируспен күресуін қиындататынын айтып, сақтық шараларын орындауға үндеген. Оның айтуынша, коронавирус кейде ОРВИ ретінде келуі мүмкін.