Дизель тапшылығы қолдан жасалған – Тоқаев

Президент елдегі дизель тапшылығын қолдан жасалған деді. Еске салайық, қазан айында жанармайдың жетіспеуі ел ішінде қызу талқыланып, көптеген пікірталасқа себеп болған. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкімет пен Президент әкімшілігіне бірқатар тапсырма берді. – Мен Үкіметке бұл жағдайға қатысты нақты жауапкершілік жүктеймін. Әрі Президент әкімшілігіне қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын тарта отырып, тапшылықтың туындау себептерін түсіндіруді тапсырамын – деді президент.