Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Тамыздың басында еврей қауымы карантин кезінде Rixos Almaty қонақүйінің алдында топ болып фотосессия ұйымдастырды. Ұйымдастырушыларға 90 мың теңге айыппұл салынды. Айта кету керек, біраз уақытқа дейін қонақүй басшылығына шара қолданылмаған еді. “Қонақүйдің бас директоры еңбек демалысында болды, сондықтан оған қатысты хаттама толтырылмады. Осы аптада демалыстан оралғаннан кейін хаттама жазылды”, – деді Бекшин. Оның сөзінше, Rixos қонақүйінің бас директорына 230 АЕК (670 мың теңге) айыппұл салынды.