Алматылықтар үшін тұмауға қарсы 180 мың доза вакцина сатып алынады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, вакцинация эпидемиологиялық кезеңде тұмауға қарсы иммунитет қалыптастырады. Тұмауға қарсы вакцинация 1 қазанда басталады. Бірінші кезекте вакцинаны тәуекел тобындағы адамдар салдырады. Олар: медицина қызметкерлері, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын азаматтар, созылмалы аурулары бар балалар”, – деп түсіндірді Жандарбек Бекшин. Ол үшін ресейлік Grippol+ вакцинасы сатып алынады.