Алматыда ұрланған телефондардың IMEI кодтарын бұзған программист ұсталды. Криминалдық полицияның мәліметінше, 27 жастағы М.есімді азамат заңсыз іс-әрекетін қаланың Түрксіб ауданындағы үйінде жасаған. «Тінту кезінде 42 қолданылған ұялы телефондар, ноутбук, екі планшет және бір жеке компьютер табылды және тәркіленді, олардың көмегімен күдікті абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодтарын өзгерткен. Ол өзінің қылмыстық мақсатын жүзеге асыру үшін арнайы компьютерлік бағдарламаны қолданғаны анықталды. Тәркіленген сандық құрылғылардың иелерін анықтау бойынша жедел іс-шаралар қабылдануда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшының орынбасары Берік Әбілбеков.