Алматыда Сағынтаевтың тұсында қабылданған жер шешімдері тексеріледі

Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тұсында жер учаскелеріне қатысты шешімдерге тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz. Заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Бас прокурор Берік Асылов Медеу паркінде жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдеріне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл мәселені Мәжілісте Азат Перуашев көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Медеу табиғи паркінің 20 проценті тұрғын үй қорына берілген, деп жазады qazaqstan.tv.