ОСК құжат тапсырған үш адамды президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты

Орталық сайлау комиссиясы “Асар” оралмандар қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайролла Ғабжалиловты, “Қазақстан құрылысшылар одағы” ұсынған Талғат Ерғалиевті және “Практикалық психология” республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Фатима Бизақованы президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. ОСК-ның түсіндіруінше, олардың кандидатурасы “үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді”. Бір күн бұрын ОСК қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеген. ОСК сәрсенбі күні кешке “Мұқалмас” республикалық қоғамдық бірлестігінің кандидаты Нұржан Әлтаевты тіркеуді тоқтатқанын мәлімдеген.