Алматыда ұшақ апатынан ауыр жарақат алған екі адам есін жиды. Бұл туралы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков хабарлады. Дегенмен, әлі де науқастардың жағдайы тұрақты ауыр күйде. Естеріңізге сала кетейік 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шыққан АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайының ұшу-қону жолағына жетпей апатқа ұшырап, өртке оранған болатын. Борттағы 4 адам оқиға орнында қаза болса, екі азамат ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.