Вице-премьер Тоғжанов 10 сотық жер беру мәселесін түсіндірді

Жер комиссиясының алғашқы отырысында әрбір қазақстандыққа 10 сотық жер беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Заңгер Марат Бәшімовтің айтуынша, Жер кодексінде әрбір қазақстандыққа 10 сотық жер беру мәселесі көрсетілген. Ал кодекс басқа заңдардан жоғары. Сондықтан оның нормалары міндетті түрде орындалуы қажет. “Бәріміз ауылда өстік қой. Ол жерде инфрақұрылым болды ма?”, – деді Бәшімов. Комиссия төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. “Жерді беру үшін оның инфрақұрылымын қалыптастыру қажет. Ал инфрақұрылымды жүргізу үшін орта есеппен 4 триллоннан артық ақша керек. Сондықтан оның бәрін есептеуіміз керек. Бір күнде шешілетін сұрақ емес”, – деді Тоғжанов.