Алматыда сот үкімін орындауға шыққан жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков соққыға жығылды. Бұл ақпаратты жеке сот орындаушылары, Республикалық палатасы растады. Мәселе баспанаға қатысты. Жапсарлас салынған ғимарат көрші азаматтың үйіне құлайтын болғандықтан Бостандық аудандық соты бұл ғимаратты құлату туралы шешім шығарған. Бірақ үй иелері қарсылық танытып, бірнеше рет сот орындаушысына күш көрсеткен. Содан соң полиция өкілдерінің көзінше, сот орындаушысын бүйірден ұрып, құлатқан. Жедел жәрдем Әділ Ермековтың денсаулығына орташа дәрежеде зиян келгенін анықтады.